Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 01 Шілде, 2022

Жан жарыңды қалай тануға болады? Үш жауап

Баяғы бала күнімде атама бір сұрақ қойдым. «Ата, өзіңнің сыңарыңды, аманат етілген жан жарыңды қалай тануға болады?» деп сұрадым. Ол ойланып, иегін сипады. Сосын ұрпақ жалғастығын терең сезінетіндігін көрсетіп, сұсты қалыпта былай деді: «Өзіңе үш сұрақ қой. Бірінші: бұл әйел мейірімді ме? Білесің бе, балақай, залым әйел – баяу сіңетін у сияқты – өлуін өлмессің, бірақ өмір бақи азаптанып өтесің. Әйелдің сұмпайылығын кейде іштарлық, кейде еркелік деп те атайды. Екінші сұрақ: ол келешек ұрпағыңның анасы болуын қалайсың ба? Сені әке дейтін өз ұрпағыңа ерекше сүйіспеншілік болады, сондықтан олардың анасы болуға лайықсыз әйелді таңдама. Соңғысы: осы әйелдің жанында өзімнің дәрменсіздігімді қысылмай көрсетіп қартаюыма бола ма? Егер еркек бұл фәниден әйелдің алдында кетсе, ол алжыған, мылжың шалды ғана еске ала ма, әлде өзі сүйген адамды еске ала ма?

Осы үш сұраққа да «иә» деп жауап қатсаң – ендеше сол қызға шын ықыласыңды білдіре бер.

 

"История моего безумия"

Тьерри Коэн

Аударған Ш. Әбілда

1318 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз