Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 21 Шілде, 2022

Өмір бәрін өз орнына қояды

Өмір бәрін теңгеріп, есеңді қайтаруға келгенде өте епті. Қазір басыңа күн туып, қиналып тұрсаң - алда үлкен қуаныш болатыны анық. Көз жасыңның әр тамшысын өтейтін риясыз күлкі береді.

Өмір сүргің келмей, көңіл бәрінен қалғанда келесі бұрылыста ғұмыр кешуге лайық бір-екі керемет орын алып, бақыттың құшағына құлайтыныңды ғана ойла.

Кей сәттерді ерік-жігеріңді жұдырыққа түйіп, үндемей өткізіп жіберу керек.

Дәл қазір табан астындағы жер қозғалып бара жатса, ендеше қанат бітіп, көкке самғайтын мезет тақап қалғаны, қуана бер!

Бәрі жақсы болады! Бұл заңдылық!

 

© Алина Ермолаева
Аударған Ш. Әбілда

Фото: Ашық дереккөзден

1139 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз