Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 23 Шілде, 2022

Алматыдағы жәрмеңкелерде қант қолжетімді бағада сатылып жатыр

Алматыда демалыс күндеріндегі жәрмеңкелер мен әлеуметтік дүкендерге қанттың қосымша жеткізілуі қамтамасыз етілді, деп хабарлайды kazgazeta.kz almaty_akimat telegram арнасына сілтеме жасап.

Жобаны қалалық Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасы мен «Алматы» ӘКК» АҚ бірлесіп жүзеге асырып отыр.

23-24 шілдеде жәрмеңкелерде қантты көлеміне қарай келісіне 500 теңге мен 530 теңге аралығында сатып алуға болады. Қантты көтерме бағада жеткізушілермен келісім-шарт жасасудың арқасында осындай мүмкіндікке қол жетті. Акция алдағы демалыс күндері де жалғасады.

Сондай-ақ қалалық әкімдік «Алматы» ӘКК» АҚ-мен бірлесіп дүкендерге арналған көтерме қойма ашты. Мұнда дүкендер қантты көтерме бағамен ала алады. Әлеуметтік дүкендер қант бағасына тек 15% үстеме баға қосуға міндеттеледі.

 

1092 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз