Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 23 Шілде, 2022

Жан тыныштығы

Өте мейірімді, дана  әжейден:

— Әже! Сіз қиын кезде өмір сүрдіңіз. Бірақ соған қарамастан жан-дүниеңіз бізден де жас. Осы ғажайыптың бір құпиясы бар ма?- деп сұрапты балалары. — Құпиясы бар, балаларым! Мен ғұмыр бойы өзіме жасалған жақсылықтарды жүрегіме, ал жамандықты суға жазып келе жатырмын. Егер керісінше жасағанымда менің жүрегім  жазылмас тыртыққа толып кеткен болар еді.  Қазір оны жұпар аңқыған жұмақ дерсің.

Бізге  Құдай бағажетпес екі қабілет берген: еске алу және ұмыту. Біз жақсылықты бағалап, үнемі еске алуға, ал жамандықты  мүлдем еске алмай, орнын махаббатпен толтыруға тиіспіз,-дейді дана қарт. Сонда ғана жүрек суымайды.

Кейде жан-дүниеміз құлазып, шын бағалайтын жандардан жылы лебіз күтетін кездер боп жатады. Ренішті жүрекке жазып алып жатамыз. Бекер екенін біліп тұрып сөйтеміз.

Ғажап өмірдің кей сәттерін өкпелеуге арнап жататынымыз рас қой, иә?!

Егер сізді біреулер ренжіткен болса, дәл қазір оймен суға жазыңыз. Көңіл кірі шайылып кетеді.

Ал сіз біреуді ренжіткен болсаңыз, кешірім сұраудан арланбаңыз. Жүректегі ауыр жүктен арылудың ең оңай жолдары осы екен.

Өкпесіз өмір жаныңызды рахатқа бөлейді. Біреуге жақсылық тілегеннен кеміп қалмаймыз. Шын жүректен жақсылық тілей берейік. Нәтижесі көп күттірмейді. Өзіңіз ғажап күй кешесіз.

Жан тыныштығынан артық не керек адамға?

 

А.Әкімбайқызы             Фото:Ашық дереккөзден

 

1376 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз