Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 18 Қараша, 2022

БИЗНЕС КОНСОРЦИУМЫ: SHAKARIM UNIVERSITY & ALMAU

Шәкәрім университетінде экономикалық өсуді білім беру арқылы реттеп, Орта Азиядағы кәсіпкерлік ойлауды насихаттаушы Almaty Management University өкілдері және бизнес-инвесторлармен кездесу өтті. Басқосуда бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Іс-шараға AlmaU ғылым жөніндегі проректоры Бақытжан Саркеев, AlmaU Технологияларды коммерцияландыру орталығының директоры Кендрик Уайт, Eurasia Agro Holding қаржы бөлімінің басшысы Әсет Изатов, Bondarskaya AG бас директоры Co John Haskell, Eurasia Realestate Development бас директоры Ерлан Мұқашев, Шәкәрім университетінің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Жанар Қалибекқызы, сондай-ақ Инженерлік-технологиялық, Ветеринария және агроменеджент факультеттерінің  ғалымдары қатысты.

Shakarim University басшылығы қонақтарды жоғары оқу орнының қызметі, зертханалық-ғылыми базасы және іске асырылып жатқан халықаралық жобалармен таныстырды.

AlmaU ғылым жөніндегі проректоры Бақытжан Саркеевтің айтуынша, университет пен бизнестің өзара байланысы практикалық нәтижелерге қол жеткізуге бағытталғандықтан, оң нәтиже берері анық.

Басқосуда кәсіпкер Ерлан Мұқашев Шәкәрім университетінде фермерлерді оқыту бойынша тренинг алаңын құруды ұсынды. Алдағы уақытта тәжірибе алмасу үшін австралиялық ғалымдарды шақыру жоспарлануда. Бұл ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру мақсатында олардың перспективалық тәжірибесін қабылдауға мүмкіндік береді. 

Үлкен жобаларға бастама болып отырған ынтымақтастық шарасы «студент – университет – жұмыс беруші» тізбегіндегі үйреншікті амалдардан бас тартып, білім беру бағдарламалары мен болашақ жұмыс орнына қатысты таңдау еркіндігін қамтамасыз етуге, білім алушыларға бірегей білім алуға мол мүмкіндік берері сөзсіз. Аталған жиын Шәкәрім университетінің облыстық ғылым орталығы мәртебесіне лайықты екендігін тағы бір мәрте дәлелдейді.

345 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз