Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 29 Желтоқсан, 2022

Жалпы ішкі өнім 103%-ды құрады - статистика

Есептік деректер бойынша 2022 жылғы қаңтар-қыркүйектегі Жалпы ішкі өнімнің нақты көлем индексі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 103% құрады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ЖІӨ құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі 41,7%, қызметтердікі – 49,7% құрады.

Ең үлкен өсімді Ақпарат және байланыс – 110,7%, Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 106,9% және Құрылыс – 105,1%  салалары көрсетті.

ЖІӨ-нің НКИ-ге ең үлкен салымды Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу – 0,7 пт.,  Өңдеу өнеркәсібі – 0,6 пт. және Құрылыс – 0,3 пт. салалары қосты.

 

ЖІӨ – нарықтық бағалардағы өндіруші-резиденттердің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі. ЖІӨ-нің НКИ экономикада нақты кезеңдегі тауарлар мен қызметтер өндірісі көлемінің өзгерісін сипаттайды.

955 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз