Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 10 Қаңтар, 2023

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 0,6% азайды

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2022 жылғы желтоқсанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 33 587 мәміле тіркелген. Оның ішінде жеке үйлер бойынша 7 554 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 26 033 мәміле жасалды. 2022 жылдың қарашасымен салыстырғанда (33 797) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 0,6%-ға азайды.

Мәмілелер саны бойынша Алматы (8 063 – 24,0%) және Астана (5 004 – 14,9%) қалалары көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 343 (1%).

Қараша айымен салыстырғанда желтоқсан айында ең көп өсім Ақтөбе (20,8%) облысында және Алматы (14,0%), Шымкент (9,8%) қалаларында тіркелді. Бір айдағы ең үлкен төмендеу Солтүстік Қазақстан (-25,3%), Шығыс Қазақстан (-19,4%) облыстарында және Астана (-15,0%) қаласында болды.

2022 жылдың қараша айымен салыстырғанда көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 236-ға көбейген, олар бойынша желтоқсан айында барлығы 26 033 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 77,5%-ын құрайды. Бөлмелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым. Желтоқсан айында олардың 10 384-і ресімделді, сауданың негізгі үлесі Алматы және Астана қалаларына тиесілі (61%). 2 бөлмелі пәтер бойынша 9 062 мәміле жасалды.

2022 жылдың қарашасымен салыстырғанда жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны 446-ға азайып, 7 554-ті құраған. Мәмілелер санының ең жоғарғы өсімі Маңғыстау облысында (+49 мәміле) байқалды, ең жоғары азаю – Қарағанды облысында (-110 мәміле).

2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда мәмілелер саны 64,6%-ға азайды, ол кезде мәмілелердің рекордтық саны тіркелді – 94 988 бірлік. Жылдық мәнде мәмілелер бойынша теріс көрсеткіш Қазақстанның барлық аймағында байқалған.

 

                                                                                                                      Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері*

                                                                                                                                                                                               пайызбен, өсу +, кему –

 

Қарашадағы   тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны

Оның ішінде

2022 жылғы желтоқсан

2022 жылғы қаңтар-желтоқсан              2021 жылғы қаңтар-желтоқсанға

жеке үйлер

көп пәтерлі үйлердегі пәтерлер

оның ішінде

1-бөлмелі

2-бөлмелі

3-бөлмелі

4-бөлмелі

5-бөлмелі

6-бөлмелі және одан көп

2022 жылғы қарашаға

2021 жылғы желтоқсанға

Қазақстан Республикасы

33 587

7 554

26 033

10 384

9 062

5 396

1 036

116

39

-0,6

-64,6

-21,5

Абай

798

313

485

111

204

138

28

4

0

-1,6

-

Ақмола

1 312

426

886

315

343

202

25

1

0

-8,5

-67,7

-13,3

Ақтөбе

1 650

371

1 279

359

539

318

59

3

1

20,8

-70,1

-33,0

Алматы

1 352

854

498

229

170

88

11

0

0

-5,1

-81,9

-28,3

Атырау

1 011

385

626

162

253

172

35

4

0

8,8

-80,2

-44,9

Батыс Қазақстан

1 023

283

740

199

303

204

30

1

3

4,1

-67,7

-27,1

Жамбыл

1 051

520

531

135

225

132

36

3

0

-2,9

-69,9

-22,6

Жетісу

724

414

310

74

122

82

28

3

1

1,8

-

Қарағанды

2 861

432

2 429

617

1 050

610

137

14

1

-3,7

-75,9

-18,0

Қостанай

1 111

289

822

262

341

192

26

1

0

-1,9

-71,2

-21,3

Қызылорда

600

320

280

30

98

131

18

2

1

0,7

-80,4

-41,3

Маңғыстау

1 587

457

1 130

355

435

256

63

14

7

-0,3

-82,9

-49,2

Павлодар

851

167

684

366

168

120

28

2

0

3,2

-73,9

-27,1

Солтүстік Қазақстан

479

196

283

99

105

67

11

1

0

-25,3

-72,0

-20,8

Түркістан

1 441

691

750

213

350

179

5

2

1

-5,0

-68,6

-10,3

Ұлытау

343

59

284

47

135

82

18

1

1

-12,9

-

Шығыс Қазақстан

948

267

681

230

252

165

33

1

0

-19,4

-83,6

-32,3

Астана қаласы

5 004

136

4 868

2 018

1 681

935

207

16

11

-15,0

-43,6

-6,9

Алматы қаласы

8 063

530

7 533

4 315

1 938

1 046

185

37

12

14,0

-22,8

-2,1

Шымкент қаласы

1 378

444

934

248

350

277

53

6

0

9,8

-60,1

-19,4

       

*Ақпарат 2022 жылғы 9 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ деректері негізінде дайындалған.

 

Фото: bk55.ru

768 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз