Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 27 Ақпан, 2023

Малатья провинциясындағы қираған үйінділер астынан 32 адам құтқарылды

Бүгін Түркияның Малатья провинциясында 5,6 балдық жер сілкінісі болды. Зілзаладан кейін қираған үйінділер астынан 32 адам құтқарылды, деп хабарлайды Anadolu агенттігі.

Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасының (AFAD) басшысы Юнус Сезердің айтуынша, жерасты дүмпулері 29 тұрғын үйдің құлауына әкеліп соқтырды. Салдарынан бір адам қаза тауып, 110 тұрғын жарақат алды.

Жер сілкінісінен қираған екі үйдің үйінді астынан адамдарды құтқару жұмыстары жалғасуда және оған 657 адам жұмылдырылды.

Сондай-ақ, Түркияның төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасының басшысы азаматтарға қираған үйлерден аулақ болу керектігігін еске салды.

«Апат аймағында тұратын барлық азаматтың ұялы телефондарына SMS-хабарлама жіберілді. Жер ара-тұра сілкініп жатыр, зақымданған үйлер құлауы мүмкін», - деді Юнус Сезер.

Фото: aa.com.tr

291 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз