- Шартарап
- 26 Сәуір, 2024
Бельгиядағы қазақстандықтар су тасқынынан зардап шеккендерге қаржылай көмек береді
Қазақстанның Бельгиядағы елшілігінің қолдауымен қазақ студенттерінің қауымдастығы диаспора мүшелерімен бірігіп қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. Бұл туралы Qazaqstan арнасы хабарлады.
Брюссельдегі KU Leuven университетінің ғимаратында өткен жәрмеңкеде ұлттық тағамдар, әшекей бұйымдар, қазақы кәдесыйлар саудаланды. Сатылымнан түскен қаражат қазақстандық қорларға аударылады.
Фото: qazaqstantv
979 рет
көрсетілді0
пікір