Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 02 Наурыз, 2023

Әлихан Смайылов ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесу өткізді

Сәрсенбі, 1 наурызда, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяомен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Үкіметтің ресми телеграм арнасы.

Тараптар сауда-саттық, инвестициялар тарту, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, цифрлық технологиялар, трансшекаралық өзендерді пайдалану және т. б. салалардағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.

Премьер-Министр Қазақстанның жалпы тауар айналымының 18%-ын құрайтын Қытай еліміздің ірі сауда серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ ҚХР мемлекетіміздің экономикасына инвестиция салатын ТОП-5 елдің қатарына кіреді.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов Қазақстан Үкіметі екі ел басшыларының 2030 жылға қарай өзара сауданы $35 млрд-қа дейін  ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында белсенді түрде жұмыс жүргізуге дайын екенін атап өтті.

«Біздің елдеріміздің ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу саласында айтарлықтай әлеуеті бар. Қазақстандық кәсіпорындар Қытайға азық-түлік тауарларының экспортын одан әрі арттырғасы келеді. Осыған байланысты сауда-саттыққа қатысты кедергілер мен шектеулерді әрі қарай алып тастау маңызды болып отыр», — деді Премьер-Министр.

Өз кезегінде Чжан Сяо қытайлық тараптың Қазақстаннан ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттауға, теміржол тасымалы көлемін ұлғайтуға, IT-сектордағы өңіраралық өзара іс-қимыл мен әріптестікті нығайтуға мүдделі екенін білдірді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қазақстандық компанияларға Қытайдың ірі сауда платформаларына және жалпы ҚХР нарығына шығуға белсенді көмек көрсетілуде.

«Біз экономикалық қарым-қатынастарымызды сапалы жаңа деңгейге шығару үшін зор әлеует бар деп санаймыз. Алдымызға жаңа, биік мақсаттар қоюымыз керек», — деді Чжан Сяо.

 Кездесу барысында тараптар «Қорғас» ШЫХО-ның жұмысын қалпына келтіру, «Бақты-Покиту» автомобиль өткізу бекеті ауданында үшінші темір жол өткелін ашу, Транскаспий халықаралық ірі автомобиль жолдарын салу және машина жасау саласында жаңа өндірістерді құру мәселелерін қозғады.

✅ Сонымен қатар таяу болашақта Астана мен Бейжің арасында аптасына үш рейс жиілігімен әуе қатынасын қалпына келтіру және азаматтардың өзара сапарлары кезіндегі рәсімдерді оңайлату жоспарланып отырғаны атап өтілді.

 

Фото: t.me/KZgovernment

231 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз