Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 30 Наурыз, 2023

Ертең Елена Рыбакина Джессика Пегуламен кездеседі

31 наурыз күні кешке Майамидегі турнирдің жартылай финалында теннисшіміз Елена Рыбакина америкалық Джессика Пегуламен кортқа шығады.

Кездесу Астана уақытымен 20:00-де өтеді.

 Майами турнирінің биылғы жүлде қоры - 8 800 000 доллар. Жеңімпаз 1 262 220 доллар жинап, 1 000 рейтингтік ұпайға ие болады.

Бұған дейін Майамиде өткен турнирде Елена Рыбакина ресейлік Анна Калинскаяны (64-орын) 7:5, 4:6, 6:3, испандық Паула Бадосаны (29-орын) 3:6, 7:5, 6:3 есебімен ұтқан еді. Сонымен қатар ол бельгиялық Элиз Мертенсті (39-орын) 6:4, 6:3 және итальяндық Мартина Тревизанды (24-орын) 6:3, 6:0 есебімен жеңген.

Елена Рыбакина аты аңызға айналған Серена Уильямстың тарихи рекордын қайталады.

 

Фото: https://instagram.com/lenarybakina?igshid=YmMyMTA2M2Y=

327 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз