Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 23 Сәуір, 2024

«WORLDSKILLS ABAI – 2024» өңірлік чемпионаты басталды

«WorldSkills Abai – 2024» екінші өңірлік чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы Абай облысының әкімдігі хабарлайды.

Чемпионат мақсаты - жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру және кәсіптік білім беруді дамыту.

Чемпионатта қатысушылар 57 құзыреттілік бойынша сынға түседі. Облыстың 29 колледжінен командалар қатысып, 200-ден астам студент өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетеді. Жұмысшы мамандықтары бойынша жастар біліктілігін 200 сарапшы бағалайды.

Чемпионат қорытындысы мен марапаттау рәсімі 26 сәуір күніне жоспарланған. 30 құзыреттілік бойынша жеңімпаз облыс құрамасы күзде өтетін республикалық кезеңге жолдама алады.

Айта кетейік, былтыр аймақтық чемпионатқа 23 колледж қатысса, биыл қатысушылар саны артты.

«Worldskills Kazakhstan-2023» ҮІІІ республикалық чемпионатында Абай облысының студенттері 6 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль жеңіп алып, еліміз бойынша үздік атанды.

Фото: Абай Облысының Әкімдігі

597 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз