Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 01 Сәуір, 2023

Жібек Құламбаева Антальядағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Түркияның Анталья қаласында топырақ төсенішіндегі турнирдің жұптық сынында жартылай финал матчын өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық теннисші Ресей спортшысы Дарья Лодиковамен жұп болып, белгиялық дуэт Челси Ванхотт — Сабина Дадачиуді екі сетте 6:3, 6:0 есебімен жеңді.

Енді Жібек Құламбаева финалда Лодиковамен бірге швед-грекиялық дуэт – Жаклин Кабай Авад және Марта Матуламен кездеседі.

Айта кетейік, Ж.Құламбаева қазіргі уақытта Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингінде жекелей сында 446-орында тұр.

Фото: prosports.kz

495 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз