Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 16 Маусым, 2023

Әрқайсымыз өмір жолында кездескен сәтсіздіктерді оң өзгерістерге айналдыра аламыз

ЕШҚАНДАЙ ЛАУАЗЫМНЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ…

1. Жер басып жүрген әрқайсымыздың  күнде жұмысқа баруға және ең жақсы қабілеттерімізді көрсетуге мүмкіндігіміз бар. Ол үшін ешқандай лауазымның қажеті жоқ.

2. Әрқайсымыз өмір жолында жолығатын кез келген адамды шабыттандыруға, жағымды әсер қалдыруға және қолдау көрсетуге қабілеттіміз. Ол үшін ешқандай лауазымның қажеті жоқ.

3. Әрқайсымыз өмір жолында кездескен сәтсіздіктерді оң өзгерістерге айналдыра аламыз. Ол үшін ешқандай лауазымның қажеті жоқ.

4. Әрқайсымыз шын мәніндегі көшбасшылықты түсініп, оған ұмтылатын адамдарға құрметпен, ризашылықпен және мейіріммен қарай аламыз. Бұл қоғам мәдениетін жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Ол үшін ешқандай лауазымның қажеті жоқ.


Робин Шарманың «Лауазымсыз көшбасшы» кітабы туралы
Shyngys Muqan-ның Facebook парақшасынан

Фото Досжан Балабекұлы

11737 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз