Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 18 Тамыз, 2023

Ғани Бейсембаев Президентке жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары туралы баяндады

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Мемлекет басшысына жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, бүгін ҚР Президенті жұмыс сапарымен Алматыға барды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына жұмыс сапары биыл 1 маусымда пайдалануға берілген сел тасқынынан қорғайтын бөгетпен танысудан басталды.

Алматы қаласындағы «Аюсай» бөгеті маңында Мемлекет басшысына пилоттық жоба аясында орнатылған 31 цифрлық гидробекет таныстырылды.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда өткен жылы ашылған Prometheus school мектебіне барды.

 

 

 

Фото: t.me/aqorda_resmi

140 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз