Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Тамыз, 2023

Алматыда тамыз форумы өтіп жатыр

Алматыда 2900 білім беру қызметкерінің қатысуымен тамыз форумы өтіп жатыр, - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
2023 жылғы 25 тамызда Республика сарайында 2023-2024 оқу жылының басталуына арналған «Әділетті  Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтті.
Биылғы жылы форумға республиканың түкпір-түкпірінен 2900 білім беру қызметкері жиналды. Іс-шара педагог қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруға, білім беру саласында тәжірибе және жаңа технологиялармен алмасуға бағытталған.
Форумның пленарлық отырысының жұмысына Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, ҚР Білім министрлігі балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова, Қазақстан профилактикалық медицина академиясының және Ұлттық салауатты тамақтану орталығының президенті Алмаз Шарман, «Санкт-Петербург ерте араласу институты» қосымша кәсіптік білім берудің дербес коммерциялық емес ұйымының директоры Ган Чин Хуат, (Сингапур қ.), Sing ing-Ed Global Schoolhouse Pre  LTD атқарушы вице-президенті және білім беру саласындағы басқа да қазақстандық және шетелдік сарапшылар қатысты.
Сондай-ақ, іс-шараға телекөпір форматында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайылов, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, Білім Министрі Ғани Бейсембаев қатысты.
«Жыл сайынғы тамыз жиналысы қазіргі білім берудің жаңа бағытына серпін береді. Бұл ең жақсы шешімдер жолында жинақталған білім және озық тәжірибемен алмасуға арналған алаң. Бүгін баланың физикалық және психологиялық денсаулығын қолдауға, сапалы білім берумен, даму мүмкіндіктерімен және басқа да жағдайлармен қамтамасыз етуге бағытталған жобалар ұсынылды. Іс- шара жаңа оқу жылы қарсаңында даму мәселелері мен перспективалады анықтауға көмектеседі», - деді Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.
Жиын барысында заманауи білім берудің өзекті мәселелері талқыланды. Пленарлық отырыста білім беру саласындағы жетекші мамандар, ғалымдар мен педагогтар сөз сөйледі. Олар өз тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісті, күнделікті жұмыста кездесетін жетістіктер мен қиындықтар туралы айтты. Шеберлік сыныптары мен басқа да экскурсиялар ұйымдастырылды.
Сондай-ақ секцияларда еліміздегі балалардың өмірін жақсарту мәселелері мен перспективалары, балалық шақ кезіндегі мемлекеттік кепілдіктер және оларды іске асыру талқыланды.  Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің пленарлық отырысы білім берудің және педагогтердің біліктілігін арттырудың маңызды мәселелерін талқылау үшін өзекті алаңға айналды.
Еске салсақ, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 21 өкімімен бекітілген Балалардың әл – ауқатының индексі-бұл еліміздегі балалардың өмір сүру сапасын бағалаудың жаңа құралы. Индекс балалардың өмір сүру деңгейін, денсаулығын, білімін, даму мүмкіндіктерін, қауіпсіздігін және басқа жағдайларды бағалауға мүмкіндік береді. Сарапшылардың баяндамаларында осы Индексті пайдаланудың алғашқы нәтижелері ұсынылады, өмірдің түрлі кезеңдерінде балалардың әл-ауқатының анықталған мәселелері көрсетіледі, оларды жақсарту үшін шешімдер ұсынылады.
Кеңес соңында балалардың әл-ауқатының индексіне, білім беру мекемелерінде тамақтануды ұйымдастыруға байланысты мәселелер мен қорытындылар шығарылды. Атап айтқанда, оларды шешудің жаңа шараларын әзірлеу және қабылдау үшін нақтылы ұсыныстар берілді.

134 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз