Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 18 Қыркүйек, 2023

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 5,6% көбейді

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 5,6% көбейді, - деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

2023 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара сауда көлемі 16 521,5 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 5,6% көбейді.

2023 жылғы қаңтар-шілдеде тауарлар экспорты 6 380,4 млн АҚШ доллары (32,3% көп), импорт – 10141,1 млн АҚШ доллары (6,3% аз) деңгейінде қалыптасты.

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлеміндегі Армения үлесі 0,1%, Беларуста – 3,3%, Қырғызстанда – 4,6%, Ресейде – 92%.

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы

 

(млн АҚШ доллары)

 

 

Экспорт

Импорт

қаңтар-шілде 2022ж.

қаңтар-шілде 2023ж.

қаңтар-шілде 2022ж.

қаңтар-шілде 2023ж.

Ресей

4 344,7

5 804,4

10 053,6

9 392,1

Қырғызстан

399,8

469,7

270,4

287,1

Беларусь

58,4

92,0

491,1

449,0

Армения

20,0

14,2

6,7

12,9

Барлығы

4 822,8

6 380,4

10 821,8

10 141,1

 

Жекелеген жағдайларда қорытынды мен қосылғыштар сомасы арасындағы шамалы айырмашылықтар деректерді дөңгелектеумен түсіндіріледі.

ЕАЭО елдерімен экспорттағы ең жоғары үлес машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттарға тиесілі – 28,5%, одан кейін химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері – 24,5%.

ЕАЭО елдерінен Қазақстанға әкелінетін импорт құрылымында мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары басым – 19,9%, металдар мен олардан жасалған бұйымдар үлесі – 19,1%.

 

6908 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз