Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 27 Қараша, 2023

Алматыда эстетикалық топтық гимнастикадан әлем чемпионаты өтті

Алматыда Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында 25-26 қараша аралығында эстетикалық топтық гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының және IFAGG Trophy 2023 турнирі өтті.

Жыл сайын өтетін әлем чемпионаты Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан мен Азияда алғаш рет басталды. Спорттық бірегей шарадан «Қазақ газеттері» ЖШС-не қарасты «Казахстанская правда» газетінің фототілшісі Юрий Беккер фотосуреттер түсіріп қайтқан болатын.

Шараға  Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, Халықаралық эстетикалық топтық гимнастика федерациясының президенті Лилия Морозова және Қазақстандық эстетикалық топтық гимнастика федерациясының президенті Мәдина Бектұрғанова қатысты.

Жарысқа әлемнің 16 елінен 52 команда қатысуда: Австрия, Болгария, Грекия, Италия, Испания, Сербия, Франция, Израиль, Египет, Жапония, Малайзия, АҚШ, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей, Беларусь. Спортшылар үшін ересектер мен жасөспірімдер арасында, сондай-ақ аралас командалар арасында 8 түрлі медаль жиынтығы ойнатылды.

Әлем чемпионатында Қазақстан намысын Sunrise (Алматы), Freedom (Алматы), Carmelites (Шымкент) және Афродита (Астана), сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаттарында – Kerbez Elite (Алматы), Samruk (Астана), Alan-Junior (Астана) және Grace (Алматы) және IFAGG Trophy 2023 қысқа, ұзақ бағдарламада және аралас командалар арасында – ересектер (аралас командалар) ) ұзақ бағдарлама Olimp Mix (Алматы), ересектер (әйелдер) қысқа бағдарлама - Kerbez Prima (Алматы), Space (Астана), Effect (Алматы) және Фаворит (ШҚО), жасөспірімдер (аралас командалар) ұзақ бағдарлама Vial Mix (Алматы), жасөспірімдер (әйелдер) қысқа бағдарлама - Алан-Фортуна (Астана), Алан-Легенда (Астана), Умай (Алматы), Юниор-Либерти (Шымкент), ересектер (аралас командалар) қысқа бағдарлама - Vintage (Алматы) командалары қорғады.

Жарыстың соңғы күні, 26 қарашада Халықаралық эстетикалық топтық гимнастика федерациясының (IFAGG) 20 жылдығына арналған гала-концерт өтті.

Әлем чемпионатының ұйымдастырушылары – Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Халықаралық эстетикалық топтық гимнастика федерациясы (IFAGG), Қазақстанның эстетикалық топтық гимнастика федерациясы.

  Суреттерді түсірген - Юрий Беккер

6343 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз