Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 13 Наурыз, 2024

«Болашақ» тағылымдамасынан өтетін жұмысшылар санатының жаңа тізімі бекітілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, - деп хабарлайды kazgazeta.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Отырыс барысында 2024 жылға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өтетін жұмысшылар санаттарының тізімін қайта қарау туралы шешім қабылданды. «Болашақ» стипендиясын дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған стратегиясы шеңберінде кадрларды даярлау және қайта даярлау мемлекеттік органдардың өтінімдері бойынша жүргізіледі.

Тізім келесі санаттарды қамтыды:
• Инженерлік-техникалық қызметкерлер, агроөнеркәсіптік кешен саласының қызметкерлері;
• Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері;
• Медицина қызметкерлері;
• Мемлекеттік қызметшілер;
• Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері;
• Мәдениет, туризм және спорт саласының қызметкерлері;
• Соттар және сот қызметкерлері.

Тағылымдамалардың ұзақтығы 1 (бір) айдан 12 (он екі) айға дейін. Тағылымдамадан 40-тан астам елдің жетекші университеттерінде, ғылыми-зерттеу орталықтарында, салалық ұйымдарында өтуге болады.Тағылымдаманың ұзақтығы 1 айдан 12 (он екі) айға дейін созылады.

Тағылымдамадан өтуге үміткерлерге қойылатын талаптар:
- тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйымнан шартсыз шақыртудың болуы;
- жалпы жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) жыл, оның ішінде мамандығының таңдаған саласында үзіліссіз соңғы 12 (он екі) ай жұмыс өтілінің болуы;
- кемінде В1 деңгейде нәтижесі бар ҚАЗТЕСТ бойынша емтихан тапсырғаны туралы жарамды ресми сертификатының болуы;
- IELTS: 9.0-ден 5.0, TOEFL: IBT 120-дан 35, PBT/ ITP 677-ден 417, DET 75-тен жоғары.

Айта кетсек, тағылымдамадан өтуге үміткерлер жылжымайтын мүлікті кепілге қоймайды. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін соңғы 12 айда тұрақты табысы бар 50 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары бола алатын екі кепілгерді ұсыну жеткілікті.

Тағылымдамалар туралы қосымша ақпаратпен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ bolashak.gov.kz. сайтында танысуға болады. 

151 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз