Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 19 Наурыз, 2024

Алматы көшелерімен «Көш. Наурыз –думан» мерекелік керуені жүріп өтеді

21 наурыз күні Алматыда Наурызнама аясында театрландырылған керуен жүріп өтеді, - деп хабарлайды kazgazeta.kz Алматы қаласының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған батыр, бүркітші, ақын және басқа да образдағы 1000-нан астам адам қатысады. Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтары арбадағы киіз үйді, қыз күймесін, қоржынға жібек маталар мен кілемдер артқан түйелерді, ат үстігдегі батырларды, құмай тазылар мен мергеншілерді, жалпы жеті қазына нышандарын көре алады.

«Көш. Наурыз – думан» мерекелік керуені 21 наурыз күні сағат 10:00-де басталып, Абай даңғылының бойымен, батыс бағытта Достық даңғылынан Абылай хан даңғылына дейін, одан кейін Абылай хан даңғылымен солтүстік бағытта Астана алаңына дейін жүріп өтеді.

167 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз