Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 19 Наурыз, 2024

Семей қаласында ауқымды абаттандыру жұмыстары жүргізіледі

2024 жылы Семей қаласының 50 ауласын абаттандыру, сондай-ақ 4 қоғамдық кеңістікті қайта жаңғырту жұмыстары жоспарланған, - деп хабарлайды Абай облысының әкімдігі.
 Аулаладағы спорт алаңдары жаңартылып, футбол алаңдарын салу, жаяу жүргіншілер жолақтарын ауыстыру, сондай-ақ жарық орнату, көшеттер отырғызу қарастырылған.
Мәңгілік Ел көшесін қайта жаңарту жұмыстары жалғасады: № 1 учаске (Қабанбай батыр көшесінен Жамақаев көшесіне дейін), № 2 учаске (Шайжүнісов көшесінен Ибраев көшесіне дейін). Аталған учаскелерде арнайы спорт, ойын алаңдарын орнату, демалыс аймақтарын салу, жарықтандыру жоспарланған.
 Биыл қаланың көшелеріне жарық орнату жұмыстары жалғасады. Бүгінде конкурстық рәсімдер жүргізіліп, шамамен қаланың 30 көшесін жарықтандыру жоспарға енгізілген. Сондай-ақ, QR-кодтары бар көше ақпараттық тақтайшаларды орнату жалғасады. Көпқабатты 40 тұрғын үйдің қасбеті жөнделеді.
 №1 аурухананың жанында дәрігерлер саябағын салу көзделген. Онда спорт алаңдары, демалыс орындары болады. Сондай-ақ, қала аумағын абаттандыру іс-шаралары аясында шаһардағы орындықтар мен қоқыс жәшіктерін жаңартылады.
 Санитарлық тазалықты сақтау және қаланы көгалдандыру үшін 500-ден астам түрлі ағаш пен 22 000-нан астам көшет, жалпы ауданы 13500 шаршы метр көпжылдық және біржылдық гүлдер отырғызылады.
2024 жылы жерасты және жер үсті өткелдерін жөндеу жұмыстары жоспарланған. Қайым Мұхамедханов көшесіндегі лифт жабдығы ауыстырылып, жер үсті өткелі жөнделеді.

214 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз