Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 19 Наурыз, 2024

Үш жасар баланы іздеуге Қазавиақұтқару тікұшағы тартылды

17 наурыз сағат 21-44-те Алматы облысының ТЖД-не Еңбекшіқазақ ауданының Безымяное көлі Күш ауылының маңында 2021 ж.т. қыз жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті, ол 16-30-да ересектердің қарауынсыз қалып, үйден шығып, осы уақытқа дейін оралмаған.
Іздеу орнында жедел штаб құрылды. Іздеу жұмыстарына ТЖД, РЖҚЖ, ПД, ҰҰ ә/б, аңшылық шаруашылығы қызметкерлері, жергілікті тұрғындар, еріктілер арасынан 300-ге жуық адам және 80-ге жуық техника, тепловизоры бар 4 пилотсыз ұшу аппараты, сондай-ақ "Қазавиақұтқару" тікұшағы жұмылдырылды.

Бірінші күннен бастап құтқарушылар тізіліп қарау әдісімен жер үсті іздестірді. РЖҚЖ құтқарушылары 30 метр қашықтықта орналасқан су айдынына сүңіп іздестіруде, сондай-ақ тартылған күштер мен құралдармен оқиға орнында және су айдынының жағалау сызығы бойынша кинологиялық есептоптарды пайдалана отырып, жер үсті іздестірулері жүргізілуде. Барлық мүмкін жерлер тексерілуде.
Үздіксіз байланысты қамтамасыз ету үшін іздеу жұмыстары орнында ТЖД командалық-штабтық машинасы орналастырылып жұмыс істеуде. Іздеу жұмыстары жалғасуда.

Фото: t.me/qr_tjm

180 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз