Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 21 Наурыз, 2024

Теміржолшылар Түркістанда Наурызға мерекелік іс-шаралар ұйымдастырды

Теміржолшылар Түркістанда Наурызға мерекелік іс-шаралар ұйымдастырды, - деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ барлық өңірлік бөлімшелерінде  көктемгі мерекесі Наурыз 14 наурыздан бастап атап өтіледі. Спорттық жарыстар, қайырымдылық акциялары және абаттандыру және көгалдандыру бойынша іс-шаралар өткізіледі.
Негізгі мерекелік іс – шаралар 21 наурызда түркі әлемінің рухани астанасы - Түркістан қаласында өтті. Ежелгі қаланың этноауыл аумағында теміржолшылар мерекелік безендірілген киіз үйлер орнатып, қала тұрғындарына дәмді наурыз көже, палау және бауырсақ таратты. Теміржолшылардың құрметті қонақтары сала ардагерлері, "ҚТЖ" ҰК" АҚ Консультативтік кеңесінің мүшелері болды.
Компанияның талантты қызметкерлері қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы музыкалық және театрландырылған тақырыптық қойылымдар дайындады. Қазақ халқының жеті қазынасына арналған "Жеті қазына" киіз үйінде айтылған деректер қала тұрғындарының ерекше қызығушылығын тудырды.     
Сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтары үшін Халық қолөнері бойынша шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. "Асық ату", "арқан тарту", "қол күресі" және т. б. дәстүрлі спорттық жарыстары да ұйымдастырылды.    
ҚТЖ қызметкерлері мерекелік ауан қалыптастыруға және түркістандықтар мен қасиетті өлке қонақтарына жақсы көңіл-күй сыйлауға тырысты.

121 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз