Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 22 Наурыз, 2024

Футболдан Қазақстан құрамасы Грекиядан жеңіліп қалды

Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы С жолы бойынша плей-офф сатысы жартылай финалында Грекиядан жеңілді. Қазақстан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының жолдамасына ілінбеді.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев алғашқы минуттан Шацкий, Вороговский, Ерланов, Марочкин, Быстров, Қайыров, Астанов, Зайнутдинов, Бейсебеков, Чесноков, Самородовқа сенім артты.

Грекиялық футболшылар ойынды белсенді бастап, бірінші кезеңде олардың қатарынан Анастасиос Бакасетас 9-минутта пенальтиді мүлтіксіз орындап, өз құрамасын алға шығарды.

Қазақстандық футболшылардың өрескел қателігін шебер пайдаланған Димитриос Пелькас 15, Фотис Иоаннидис 37, Димитриос Курбелис 40-минутта қатарынан үш гол соғып кетті. Ойынның 87-минутында Еркін Тапалов өзінің қақпасына гол соғып алды.

Нәтижесінде Қазақстан құрамасы қарсыласынан 0:5 есебімен жеңілді.

Енді Грекия құрамасы Ұлттар лигасы С жолы бойынша плей-офф сатысы финалында 26 наурызда Грузиямен ойнайды.

Фото Global Look Press

357 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз