Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 23 Наурыз, 2024

Құтқарушылар қаза тапқан балықшылардың денелерін алып шықты

Павлодар облысының құтқарушылары судан қаза тапқан балықшылардың денелерін алып шықты, - деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
22 наурызда 20-33 Екібастұз қаласында, ГРЭС-2 ауданында, "Шандықсор" жасанды су айдынында 1978 және 1976 жылы туған ер адамдар жеке көліктерімен мұз астына кетіп қалғаны туралы хабар келіп түсті.
Ер адамдар балық аулауға Павлодардан келгені белгілі. Көлік жағадан 700-800 метр қашықтықта батып кетті.
23 наурызда сағат 07:20-да Екібастұз қаласының құтқарушылары іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті.
7 адам, 2 бірлік техника және 1 жүзу құралы жұмылдырылды.
Құтқарушылардың күшімен балықшылардың денелері судан шығарылды.
‼️ТЖМ мұздың қазір өте жұқа екенін және оған шығу қауіпті екенін ескертеді.

188 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз