Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 26 Наурыз, 2024

Президент ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитеті хатшысының орынбасарын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитеті хатшысының орынбасары, ШҰАА Халық үкіметінің төрағасы Эркин Туниязды қабылдады, - деп хабарлайды Ақорда.
– Мен жуырда Үрімжіге бардым. Жалпы Қазақстанның Қытаймен, соның ішінде Шыңжаң провинциясымен арадағы ынтымақтастығын дамыту перспективаларына байланысты маңызды келіссөздер жүргіздік. Біз Қытайдың экономикалық өсімін жіті бақылап отырмыз және бұл бағыттағы қарқынды дамуы мен қол жеткізген нәтижелеріне баса мән береміз. Қытай – экономикалық даму тұрғысынан әлемдегі басты елдердің бірі. Сондықтан біз сияқты көрші мемлекетке ынтымақтастықты ілгерілету тиімді әрі қажет. Қазақстанға келер болсақ, осы ықпалдастықты табысты дамыту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, – деді Президент.

Мемлекет басшысы еліміздің Шыңжаңмен сауда, өнеркәсіп, көлік, логистика, ауыл шаруашылығы және туризм сияқты көптеген сала бойынша табысты қарым-қатынас орнатқанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл өлке Қазақстанның ҚХР-мен сан қырлы байланысын нығайтуда стратегиялық рөл атқарады.

Фото: t.me/aqorda_resmi

111 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз