Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 26 Наурыз, 2024

78 балабақша тәрбиеленушісіне азық-түлік үшін өтемақы төленбеген

Сандықтау ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиеленушілерінің құқықтарын қорғады, - деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасы.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарының сақталуын талдау барысында 78 балабақша тәрбиеленушісіне азық-түлік үшін өтемақы төленбеу фактілері анықталды.

Ақмола облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес, азаматтардың жекелеген санатындағы азық-түлік шығындары мемлекет есебінен өтеледі.

Азаматтардың бұл санаттарына көп балалы отбасылар, АӘК-ге мұқтаж отбасылар және халықтың осал топтарына жататын басқа да адамдар жатады.

Ал, аудандық білім бөлімі көп балалы аналар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасыларды азық-түлікке өтемақы төлеу тізіміне енгізбеген.

Осылайша, олардың мектепке дейінгі ұйымдардан тегін тамақ алу құқығын бұзған.

Прокурорлық ден қою шаралары балабақшалардағы 78 балаға азық-түлік шығындарын өтелді.

Бұзушылықтар үшін білім бөлімінің 4 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

176 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз