Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 27 Наурыз, 2024

Су тасқыны: Ақтөбенің аудандарында әлі де қауіп сейілмей тұр

Ақтөбе облысы бойынша әлі де тасқын қаупі жоғары аудандар бар.

Ақтөбе облысында жаңбырмен қоса қарғын су тез еріп, ауа райының жылынуына байланысты кейбір аймақтарда қауіп күшейе түсті.

«Темір ауданында қазір қауіп сейілді. Енді Мұғалжар ауданында Жем және Темір өзендері көтеріліп, қауіп төніп тұр. Жағабұлақта 180 адамды эвакуациялау қажет болды. Олар мұнай компаниясының вахталық қалашығына орналастырылды. Сол 180 адамның 93-і бала. Одан бөлек Жем өзенінің көтерілуінен Бірлік және Шеңгелші ауылдарына да қауіп төндіріп тұр. Ол жерде жергілікті атқарушы орган, төтенше жағдайлар қызметі бірігіп, үлкен жұмыс жүргізіп жатыр. Сонымен бірге Ойыл ауданындағы Амангелді ауылына қауіп төніп тұр. Ол жерде де бөгетті нығайту жұмысы жүріп жатыр», - деді Ақтөбе облыстық ТЖД бастығының орынбасары Саид Молдақараев.

Жалпы Ақтөбе облысы бойынша барлығы 230 адам эвакуацияланды. Сонымен бірге 32 мүйізді ірі қара да эвакуацияланды.

«Ақтөбе қаласында да еріген қар суы көбейіп жатыр. Жергілікті атқарушы органдары мен төтенше жағдайлар қызметі күндіз-түні жұмыста. Қазір 6655 әскери бөлімінен 100 адам дайындалды. Сонымен бірге Темір ауданына жіберілген 20982 әскери бөлімінен 54 адам адам мен 6 техника кері шақырылды. Олар да алдын алу жұмыстарына жұмылдырылады», - деді Ақтөбе облыстық ТЖД бастығының орынбасары Саид Молдақараев.

186 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз