Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 27 Наурыз, 2024

Су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда

Жұмылдырылған күштер мен құралдар Ақтөбе, Ақмола, Қостанай облыстарындағы 145 жеке тұрғын үйден, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау облыстарындағы 46 аула аумағынан су сору жұмыстары жүргізуде. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. 

Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының су басқан елді мекендерінен 412 адам эвакуацияланды, оның ішінде 134 бала. Оның 323-і Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының елді мекендерінің тұрғындары уақытша орналастыру пункттерінде қалады, 80-і Ақтөбе және Қостанай облыстарының тұрғындары туыстарында, 9-ы Түркістан облысының тұрғындары үйлеріне оралды.

ТЖМ және әкімдіктердің күшімен 122 мыңнан астам текше метр еріген су сорылды, 24 мыңнан астам қап және 47 670 тонна инертті материал төселді.

Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, жергілікті атқарушы органдардың, ІІМ, тартылған ұйымдардың күштері мен құралдары: жеке құрамынан 3000-нан астам адам, 1200-ге жуық бірлік техника, 400-ге жуық бірлік су айдау және жүзу құралы, 2 әуе кемесі жұмылдырылды.

Республикалық және облыстық жедел штабтар, сондай-ақ «Жедел желі» телефондары жұмысын жалғастыруда: ТЖМ 8 717 2 70 41 14, Ақтөбе облысы ТЖД 8 713 2 54 86 57, Батыс Қазақстан облысы ТЖД 8 711 2 55 40 88, Қостанай облысы ТЖД 8 714 2 50 19 60, Ақмола облысы ТЖД 8 716 2 52 55 14. Өткен тәулікте 134 қоңырау түсті.

Су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда.

Фото: ашық дереккөз

159 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз