Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 27 Наурыз, 2024

Қарулы күштердің әскери қызметшілері Орал тұрғындарына көмекке келді

Батыс Қазақстан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының жүзден аса әскери қызметшісі су басуға қарсы әрекет етуге атсалысуда.  

Су тасқынына қарсы өңірде жүргізілген алдын алу шараларына қарамастан, қардың еруі мен нөсер жаңбырдың салдарынан облыс орталығының бірқатар аудандарын су басу қаупі туындап отыр.

Полковник Расул Зәкіровтың басшылығымен 99250 әскери бөлімінің әскерилері бір тәулік ішінде тұрғын үйлерді, әкімшілік ғимараттар мен жолдарды су басудан қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. 

Бұл ретте 5 мыңнан астам құм салынған қап дайындалды, олар еріген суға бөгет болады. Бірнеше жүз метрлік кедергілер салынды, бұл су ағындарын алдын алуға көмектеседі.  

Бригаданың жеке құрамы ауысыммен жұмыс істеуде және шаруашылық объектілері мен азаматтардың мүлкіне залал келтірмеудің бар амалы қарастырылуда.

Су басуды болдырмау жұмыстары жалғасуда.

Фото: gov.kz

191 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз