Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 27 Наурыз, 2024

«Республика театрының заманауи келбеті» атты дөңгелек үстел өтті

«Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының залында Халықаралық театр күніне арналған М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Театр және кино бөлімінің ұйымдастыруымен, Т.Қ.Жүргенов атындағы Өнер академиясы, Өнертану факультеті профессорларының қолдауымен «РЕСПУБЛИКА ТЕАТРЫНЫҢ ЗАМАНАУИ КЕЛБЕТІ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелде белгілі театртанушы ғалымдар А.Мұқан, А.Еркебай, З.Исламбаева, М.Жақсылықова, М.Ташимова еліміздегі театрлардың бағыт-бағдары, жаңалықтары мен болашағы, театр төңірегіндегі болып жатқан келелі мәселелер жайында сөз саралады.
Жалпы алғанда бүгінгі заманауи театрдың төңірегіндегі ізденістер мен жаңалықтар, сонымен бірге толып жатқан мәселелер дөңгелек үстелдің мазмұнына айналды. Қонақ ретінде шақырылған театр және кино актері Әбілқасым Шоманов, «Болат медия» корпорациясының президенті, журналист Батыр Болат, Қарақалпақстанның Бердақ атындағы музыкалық театрының бас режиссері Мұхтар Римов, жас театртанушы, магистрлер Т.Ембергенов, Ж.Тұрмағамбеттер сөз алып, театрдағы актерлік ойын, техникалық мамандардың жетіспеуі, театр жайлы білімді шет елдерде жетілдіру сияқты ойларын ортаға салды.

167 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз