Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 27 Наурыз, 2024

Абай облысында жоғалып кеткен 3 адамды тікұшақпен іздестіруде

Абай облысы Аягөз ауданында өзенде жоғалып кеткен 3 адамды іздеуге тікұшақ тартылды. 

Аягөз ауданында Борлы өзені арқылы жолды қысқартпақ болған екі адамның із-түссіз жоғалған.  4 күн бұрын тағы бір адам дәл осы өзенде жоғалып кеткен еді. Үш ер адамды іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. 

«Іздестіру жұмыстарына Абай облысының ТЖД, Полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдар мен әскерилерден жалпы саны 82 адам, 4 жүзу құралы, 9 техника, 4 пилотсыз ұшу аппараты жұмылдырылды. Жергілікті тұрғындар да көмекке келіп жатыр. Су түбінің лай болуы және ағынның қаттылығы сүңгуірлерге кедергі келтіруде», - деп хабарлады Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Сағат 18.26-да МИ-17 тікұшағы тартылып, Борлы өзені бойына аэровизуалды бақылау жасалды. Алайда бұл да нәтиже бермеді.

Қазіргі уақытта іздеу-құтқару жұмыстары кеш қараюына байланысты уақытша тоқтатылды.

Фото: ашық дереккөз

136 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз