Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 28 Наурыз, 2024

Биыл Алматының Жетісу ауданында 27 көше жөнделеді

Биыл Алматының Жетісу ауданында 27 көшені жөндеу жоспарланған, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жетісу ауданында ұзындығы 21 км асатын көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 7 көшеде тротуарлар жасалады, деп хабарлады Алматы әкімі Ерболат Досаев халықпен есептік кездесу барысында.
Оның айтуынша, былтыр 21,8 км 17 көше жолдарына орташа жөндеу жүргізіліп, 10 көшеге ұзындығы 2,7 км тротуарлар салынған.
«Сонымен қатар өткен жылы 5000 ш.м. техникалық тротуарлар салумен жалпы ауданы
30,5 мың шаршы метр жолдарға ағымдағы жөндеу жүргізілді. 2024 жылы ауданы 35 мың ш.м. жолдарға ағымдағы жөндеу жүргізуді жоспарлап отырмыз», - деді қала басшысы.

89 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз