Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 28 Наурыз, 2024

Астанада есіктерді сындырып кеткен вандалдар жазаланды

Елордада вандализм актілерімен және қоғамдық тәртіпті бұзушылармен күрес жүріп жатыр. Кезекті вандалдар табылып, жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
Наурыз айының басында түнгі уақытта Нұрмағанбетов көшесі, 27/1 мекенжайында 35 жастағы ер адам кіреберістің пластикалық есігін сындырып, бөтеннің мүлкіне қасақана зақым келтірді.
Полиция құқық бұзушының жеке басын анықтады. Ол ҚР ӘҚБтК 147-1-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот оған 20 АЕК (73 840 теңге) айыппұл салды.
Осыған ұқсас оқиға таңғы сағат төртте Шалкөде көшесінде болды: 35 жастағы ер адам индустриалды тұрғын алабындағы жылы аялдаманың ішінде дүкеннің алдыңғы есігінің терезесін сындырған.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін оған 73 840 теңге көлемінде айыппұл салынды.
«Астанада еріктілер, белсенділер, белгілі спортшылар, ҮЕҰ өкілдері, қала тұрғындарының қолдауымен «Тоқта, вандал» акциясы жалғасуда. Акция аясында қалада күндізгі және түнгі рейдтер өткізіліп, тұрғындар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау және қала мүлкіне ұқыпты қарау қажеттілігі туралы түсіндіру жүргізілуде», - деп хабарлады елорда әкімдігі.
Акцияның мақсаты – вандализмнің кез келген жағдайын болдырмау және елордада тазалық пен тәртіпті сақтау.
2024 жылдың басынан бері елордада вандализмнің 66 фактісі анықталды. Құқықбұзушылардың бәрі жауапқа тартылды.
Вандализмнің алдын алу жұмыстары қалалық прокуратура мен полиция департаментінің үйлестіруімен жүргізіледі.

98 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз