Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 28 Наурыз, 2024

Батыс Қазақстан облысының тұрғындарын эвакуациялауға әскерилер келді

Полковник Расул Зәкіровтың басшылығымен 99250 әскери бөлімінің жеке құрамы апаттық-құтқару жұмыстарына атсалысып жатыр. 

Өткен түнде аумақтық қорғаныс бригадасының әскери қызметшілері ТЖМ бөлімшелерімен бірлесіп Қызылтаң ауылынан он адамды көшірді. Онда еріген қар суы үйлерді басып, қозғалыс мүмкіндігін шектеп тастады. 

Ауыл тұрғындарын апат аймағынан 25 шақырым жердегі Сырым ауданының орталығына – Жымпиты ауылына жеткізді. Олардың арасында қарттар, әйелдер және мүгедектер бар.

Іс-шараларға 32 әскери қызметші жұмылдырылды.

Фото: gov.kz

215 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз