- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 28 Наурыз, 2024
Психологтар халыққа шұғыл психологиялық көмек көрсетуде
Қалыптасқан су тасқыны жағдайына байланысты Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының аумақтарында Төтенше жағдайлар департаменттерінде ашылған «жедел желі» телефондарында ҚР ТЖМ психологтары тәулік бойы қызмет атқаруда.
Сонымен қатар ТЖМ психологтары Денсаулық сақтау және білім беру психологтарымен бірлесіп эвакуациялық пункттерде зардап шеккен халыққа шұғыл психологиялық көмек және ақпараттық қолдау көрсетеді.
Фото: gov.kz
156 рет
көрсетілді0
пікір