Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 28 Наурыз, 2024

Төтенше жағдайдың алдын алу және оларды жою жөнінде комиссия отырысы өтті

Төтенше жағдайлар министрлігінде ТЖ вице-министрі Бауыржан Сыздықовтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.

ВАМК отырысында өрт қауіпті кезеңге дайындық, көшкін қаупі бар өңірлердің тау бөктеріндегі аудандарында салынған құрылыстар және мемлекеттік органдардың шомылу маусымына дайындығы мәселелері қаралды.

Отырыс бейнеселекторлық режимде өтті. Оған орталық мемлекеттік органдардың басшылары, облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары, ТЖД бастықтары қатысты.

Жетекшілік ететін бағыттар бойынша жұмыс туралы Экология және табиғи ресурстар, оқу-ағарту вице-министрлері және ТЖМ лауазымды мамандары сөз сөйледі. Олар жоғарыда аталған төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Отырыс қорытындысы бойынша вице-министр мүдделі мемлекеттік органдарға халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық алдын ала шараларды қабылдауды тапсырды.

Комиссия отырысының соңында хаттамалық шешім қабылданды.

Фото: gov.kz

177 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз