Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 29 Наурыз, 2024

Бүгін Ақтөбенің Ойыл ауданында төтенше жағдай жарияланды

Бүгін Ақтөбенің Ойыл ауданында төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 
«Бүгін 29 наурыз сағат 10.00-де көктемгі су тасқыны ауданға үлкен қиыншылық туғызып отыр. Осыған байланысты аудан бойынша бүгіннен бастап жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды» - деп хабарлады әкім Асқар Қазыбаев. 

Бүгінгі күні Екпетал ауылын толық су басқан. Ал Қаратал, Қарасу,  Амангелді, Қарасу, Көптоғай ауылдарына үлкен қауіп төнуде. 

«Қазіргі уақытта Берсиев, Саралжын, Қайыңды, Ойыл ауылдық округтерінде электр жарығы жоқ.

Сонымен қатар аудан аралық жол қатынасы үзілді» - делінген жазбада.

125 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз