Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 30 Наурыз, 2024

Ақтөбе облысында ұшқыштар су басқан ғимараттың төбесіндегі адамдарды құтқарды

Әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшақ экипажының шебер қимылының арқасында Ойыл ауданы Берсиев ауылының 15 тұрғыны құтқарылды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ағымдағы жылдың 29 наурызында эвакуациялық іс-шаралар кезінде майор Жәнібек Бекбаулиевтің басқаруындағы Ми-8 тікұшағының экипажы Берсиев ауылының шетіндегі қиын жағдай туралы рация бойынша хабарлама алды. 

Тасқынның кесірінен елді мекеннен кету мүмкіндігінен айырылған адамдар бұл кезде үлкен жылдамдықпен келген суға батып кеткен шаруашылық құрылыстың төбесінде болатын. Адамдарға шұғыл эвакуация қажет болды.

Экипаж жедел түрде әуеге көтеріліп, зардап шеккендер тұрған жерге жетті. Тікұшақ құрылыстың төбесінен бір метр қашықтықта көмек күткен адамдарды қабылдап, Ақтөбе қаласының әуежайына эвакуациялады.

Жанармай құйған соң тікұшақтар ТЖМ қызметкерлерімен және жүзу құралдарымен Берсиев ауылындағы мектептегі тұрғындарға көмекке ұшып кетті. Эвакуация түнгі жағдайда да өтуде.

Әскери ұшқыштар құтқарушылармен және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, апат аймағында қалған адамдарды құтқарып жатқанына үш күн болды.

Фото: gov.kz

134 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз