Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 30 Наурыз, 2024

Бүгін Dubai World Cup бәйгесі өтеді

Бүгін Дубайда әлемнің үздік жокейлері мен ең жүйрік сәйгүліктері бақ сынайтын Dubai World Cup бәйгесі басталды. Бәйгеге талай халықаралық жарыстарда топ жарып жүрген қазақ жокейі Бауыржан Мырзабаев пен қазақстандық сәйгүлік Кабирхан да қатысады.

Қазақстандық жокей Бауыржан Мырзабаев мәртебелі бәйгеде (Dubai World Cup) Dura Erede атты жапон сәйгүлігімен бақ сынайды. Ал қазақстандық Тілек Мұханбетқалиевке тиесілі Кабирхан тұлпарымен Пэт Доббс есімді Ирландия азаматы шабады.

Dubai World Cup – ат спорты түрлерінің арасында әлемдегі ең мәртебелі бәйгелердің қатарына жатады.

Бәйгені қазақстандық жанкүйерлер QazSport телеарнасынан тамашалай алады. Мәртебелі жарыс трансляциясы 30 наурызда Астана уақытымен сағат 16:00-де басталады.

Бәйгеде бас-аяғы 12 сәйгүлік сынға түседі. Қазақстандық сәйгүлік – Кабирхан 2-ші нөмірмен, ал Бауыржан Мырзабаев тақымдайтын Dura Erede тұлпары 3-ші нөмірмен өнер көрсетеді.

Фото: @RacingDubai

282 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз