Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 02 Сәуір, 2024

Ақмола облысында еріген судан жануарларды құтқару жұмыстары жалғасуда

Ақмола облысы Қосшы қаласының Тайтөбе ауылында Ақмолалық құтқарушылар 6 түйені құтқарды. Бұл туралы Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. 

Еріген су келген кезде түйелер далада жайылып жүрген. Жануарлар судан қорқып, орындарынан қозғалудан бас тартқан болатын. Түйелерді құтқаруға ТЖД бастығының орынбасары Ерлан Молдаханов бастаған құтқарушылар тобы келген.

«30 жылдық тәжірибеде бұл менің түйелерді алғашқы құтқаруым. Жануарлар жүзе алмайды, судың тереңдігі шамамен бір метр. Біз оларды бірден құрлыққа шығардық. Бірде-бір түйе зардап шеккен жоқ», – деп атап өтті Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Ерлан Молдаханов.

Фото: gov.kz

168 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз