Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 05 Сәуір, 2024

Ұлытау облысының аумағындағы су тасқыны жағдайы қандай?

Ұлытау облысындағы су тасқыны жағдайы тұрақты, елді мекендерге су тасқыны қаупі жоқ. Бұл туралы Ұлытау облысының ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. 

Кеңгір су қоймасындағы су деңгейін реттеу үшін су торабынан 126,11 м3/сек көлемінде, тәулігіне 10,896 млн3 су, су тасқыны кезеңінің басынан бастап 185,299 млн м3 су ағызылады. Кеңгір су қоймасының көлемі 317,741 млн м3 құрайды. Су тасқыны басталғаннан бері су қоймасына барлығы 289,507 млн м3 көлемінде су жиналды.

Эвакуацияланатын халықты қабылдау және орналастыру қажет болған жағдайда Жезқазған қаласында зардап шеккендерді қабылдау пункттері дайындалды.

Су тасқыны кезеңінің басынан бастап жергілікті жер бойынша қауіпсіз жерлерге барлығы 405 бас ірі қара мал, 524 бас ұсақ мал және 61 бас жылқы айдалды.

Өңірде су тасқыны салдарынан Ұлытау облысы ТЖД тәулік бойы жедел штабы жұмыс жасауда.

Фото: gov.kz

318 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз