Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 09 Сәуір, 2024

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 2 мың еріктісі бөгет тұрғызып жатыр

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің қызметкерлері мен ерікті студенттері Жайық өзені арнасын бекітуді үздіксіз жалғастырып жатыр. Үш ауысымдағы бөгет тұрғызу жұмыстарына 1800 ерікті студент, 200 қызметкер белсенді қатысты.

Атырау облысында құрылған Жедел штабтың нұсқауымен универсиет қала іргесіндегі Алмалы елді мекенінде судан қорғайтын биік бөгетті бекітеді. Университетке бөлінген аймаққа көмекке келген «JM Capital» мекемесі техникалары мен мамандарын жұмылдырып бөгет тұрғызуды тәулік бойы жүргізіп келеді. Бөгеттің тасқын суға беріктігін арттыру үшін студенттер 20 мыңға жуық қапқа жеделдете топырақ толтырып әзірледі. 

- Атырау облысында төтенше жағдай жарияланды. Бұл - қарғын судың қалаға төндіретін қауіпіне қарсы қарқынды және нәтижелі тойтарыс беруге мүмкіндік береді деп есептеймін. Біз қауіпті алдын ала болжап, одан келетін орасан зор зиянды болдырмау үшін тасқынға жүйелі әрі берік қорғаныс жасауымыз керек. Біз біріксек үлкен күшпіз! Отаншыл, рухты және ынтымақты ұжым Сіздермен бірге екендігін мақтанышпен айта аламын, - деді Х.Досұхамедов университетінің басқарма төрағасы-ректор Саламат Идрисов.

Университеттің Жедел штабы студенттер мен қызметкерлерге қажетті құрал-сайманмен қамтасыз етіп, жылы шатырлар тігіп, ыстық тамақ дайындап, тасымалдаушы автобустарды қалтықсыз ұйымдастыруда. Межелі уақытта жедел әрі тасқынға берік 5 шақырымға созылған бөгет жұмысы аяқталады.

Фото: gov.kz

226 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз