Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 09 Сәуір, 2024

Алдағы тәулікте бірінші толқын өтеді деп күтілуде - Қазгидромет

Солтүстік Қазақстан облысының бірнеше ауданы мен Петропавлда Есіл өзенінің суы тасиды деп болжанған.

«Солтүстік Қазақстан облысында 19 гидрологиялық бекет жұмыс істейді. Қазір су тасқынына байланысты мониторингті жиілеттік. Өңірдегі гидрологиялық жағдайға келсек, шағын Ақанбұрлық, Бабықбұрлық, Шарық өзендері деңгейінің тұрақты төмендеуі байқалады. Бұл өзендерде судың тасу деңгейі шегіне жетті деп айта аламыз. Сонымен қатар Тоқсан би гидрологиялық бекетінде де төмендеу бар, ал Сергеевка су қоймасында судың 418 см-ге көтерілгені байқалады, судың көтерілуі 400-430 см-ге жетеді деп болжанған. Алдағы тәулікте бірінші толқын өтеді деп күтілуде. Су ағыны Шал ақын, Есіл, Қызылжар ауданы және Петропавл қаласы арқылы өтеді», - деді «Қазгидромет» РМК СҚО филиалының директоры Қымбат Мерғалимова.

Оның айтуынша, қазір аталған аудандар мен Петропавлда бірінші толқынның қауіпті белгілері мен уақыты анықталды.

«Есіл ауданында судың тасу шегі 14 cәуірде, Қызылжарда 21 сәуірде, Петропавлға Сергеевка су қоймасынан тасқын 12-14 сәуірде келе бастап, 23 сәуірде шарықтау шегіне жетеді», - дейді филиал директоры.

Фото: qaz-media.kz

239 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз