Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 09 Сәуір, 2024

Салтанат Нүкенованы қылқындырған - сот-медициналық сараптама эксперті

Астанада "әйелін аса қатыгездікпен өлтірді" деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасты.

Бүгінгі сот процесінде сот-медициналық сараптама эксперті Тахир Халимназаров марқұм Салтанат Нүкенованың алған зақымдарын манекенге салып көрсетті.
"Жарақатқа әкелген әрекеттер – бастан ұру. Есін білетін адам басынан бұлай жарақат алуы мүмкін емес. Себебі есін білетін адам құлағанда рефлектірлі түрде басын қорғайды. Адам биіктен құлдырап барып құласа ғана басын қорғай алмауы мүмкін. Бірақ адам тегіс жерде тұрып құласа, мұндай жарақаттарды алуы мүмкін емес" деді эксперт.

Тахир Халимназаров Салтанат Нүкенованы қылқындырғанын айтты. Оның сөзінше, мұндай жарақат алған адамды өлімнен құтқарып қалу мүмкіндігі өте төмен.
 

260 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз