Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 15 Сәуір, 2024

Грек-рим күресі: Ержет Жарылқасын финалға шықты

Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында грек-рим күресінен қазақстандық балуан Ержет Жарлықасын (63 келі) финалға шықты, деп хабарлайды kazinform.kz.

Отандасымыз жартылай финалда Солтүстік Корея өкілі Чан Кимді 5:3 есебімен жарыс жолынан тайдырды.

Енді Жарлықасын финалда жапониялық Аята Сузукимен күреседі.

Ержет Жарылқасын 63 келі салмақта ересектер арасындағы ел чемпионы, 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы. 

Бішкектегі турнир барысында ол Оңтүстік Корея балуанын 6:4 есебімен ұтса, кейін ширек финалда Сауд Арабия спортшысы Хавсавиді 8:0 есебімен ұтты.

Сонымен қатар 87 келіде Нұрсұлтан Тұрсынов та жартылай финалға шықты. Ол жарысты ширек финалдан бастап, Оңтүстік Корея балуанын 9:0 есебімен жеңді. 

Тұрсыновтың жартылай финалдағы қарсыласы - өзбекстандық Рахымжан Ұзақов болмақ. 

Ал 55 келідегі Нұрзат Қабдырахимов ширек финалда өзбекстандық Жасурбек Артықбаевтен жеңілді. 77 келідегі Ибрагим Магомадов әлем чемпионы Ақжол Махмұдовпен тең күрессе де, әдіс сапасына байланысты жеңіліс тапты. 

130 келідегі Мансұр Шадукаев ширек финалда қырғызстандық спортшыға жол берді.

Фото: UWW

426 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз