Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 17 Сәуір, 2024

«Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы мәжілістің екінші оқылымында қабылданды

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары екінші оқылымда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі әзірлеген «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасын мақұлдады. Жаңа заң жобасы Мемлекет басшысының «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленді.

Заң жобасы ғылым және технологиялық саясат мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін, ғылыми кадрларды даярлауда жағдай жасау, ғылыми қызметкерді әлеуметтік қорғау кепілдіктерін іске асыру, корпоративтік басқаруды енгізу және т.б. жетілдіруге бағытталған.

Ғылымды басқару жүйесінің құрылымын жетілдіру, Ғылым қорының функционалын күшейту, Ұлттық Ғылым академиясын қайта құру, ғылыми қызметкерлерді, оның ішінде жас ғалымдарды әлеуметтік қолдау пакетін кеңейту жоспарлануда.

Бұдан бөлек ғылыми дәрежесі бар қызметкерлердің ғылыми қызметін ынталандыру үшін оларға ай сайынғы қосымша ақы белгілеу мәселелерін, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда жұмыс істейтін жетекші ғалымдарға шығармашылық демалыс беру шарттарын регламенттейтін түзетулер енгізілді.

Заң жобасын одан әрі іске асыру ғылымның дамуына және елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті салааралық үйлестіру үшін ғылыми жетістіктердің нәтижелерін енгізу жөніндегі технологиялық саясатты іске асыруға ықпал етеді.

Фото: ашық дереккөз

411 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз