- Аймақ тынысы
- 20 Сәуір, 2024
БҚО-ға 14 өңірден қосымша күш-құралдар келді
Облыста жағдай күрделі. Орал қаласы мен 4 ауданды су басу қаупі бар. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы ТЖД ресми өкілі хабарлады.
Еріген қар суынан төнген қауіп сейілген. Бірақ Жайық өзеніндегі су деңгейі қарқынды көтеріліп жатыр.
«Жайықтың деңгейі 8 м 24 см-ді құрап отыр. Ал қауіпті деңгей – 8 м 50 см. Қауіпті межеге жетіп қалдық. Сол себепті облыс бойынша Жайық жағасын көтеру, нығайту, дамбаларды қою, қапшық толтыру, төсеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 14 өңірден қосымша күш-құралдар келіп жетті. Барлық жұмысқа 10 519 адам, 1784 бірлік техника, 212 су тарту құралы, 4 әуе кемесі жұмылдырылды», – деді Төлеуіш Нұржан.
24-25-сәуірде Шаған өзенінде су шарықтау шегіне жетеді деген болжам бар. Облыстың 9 ауданы жол-көлік қатынасынсыз қалды.
Соңғы тәуілкте 38 адам эвакуацияланды. Мектептер мен колледж студенттері қашықтан оқып жатыр. Жатақханалар эвакуациялық пунктерге берілді.
Фото: дереккөзден алынды
130 рет
көрсетілді0
пікір