Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 21 Сәуір, 2024

Елена Рыбакина Штутгартта әлемнің 1-ракеткасын жеңіп, финалға шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Штутгарт (Германия) WTA 500 турнирінің финалына шықты, деп хабарлады inform.kz.

Қазақстанның көшбасшы теннисшісі жартылай финалда әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен шеберлік байқасты.

Қарсыластар осыған дейін бес рет кездесіп, соның үшеуінде Рыбакина жеңген еді.

Бұл жолы бастапқыда Швентек 2:0 есебімен алға шыққанымен, Рыбакина таразы басын өздеріне аудара алды – 6:3.

Екінші сетті Ига брейкпен тәмамдады – 6:4.

Үшінші, шешуші партияда есеп 2:2 болған сәтте Елена брейк жасап, ізінше өз геймін алды – 4:2.

Содан кейін матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:3.

Екі сағат 49 минутқа созылған тартысты матчта Рыбакина 10 эйспен бірге 20 брейк-пойнттың тек төртеуін пайдаланды.

Швентек эйс жасамағанымен, 2 брейкпен ерекшеленді.

Осылайша қазақстандық теннисші спорт жолында алғаш рет Штутгарт жарысының финалына жолдама алды.

571 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз