Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 22 Сәуір, 2024

Су тасқыны: 1 300-ге жуық қазақстандық «Әділдік жолынан» заңгерлік кеңес алды

«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі жедел желі ашты. Оған су тасқынынан зардап шеккен еліміздің тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарымен жүгіне алады.

Қазақстан өңірлерінде су тасқынына қарсы іс-шаралар мен оның салдарын жою жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, су басқан елді мекендердің тұрғындарына консультациялық көмек көрсетіліп жатыр.

Айталық, «Әділдік жолы» бірлестігі іске қосқан жедел желі арқылы су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының 1 300-ге жуық тұрғыны тегін заңгерлік кеңес алды.

Зардап шеккен облыстардың тұрғындары су тасқыны салдарынан келтірілген залалды өтеуге, өтініштер беруге, қажетті құжаттар тізбесіне және дәл не өтелуге жататынына қатысты кеңес алды.

Еске сала кетейік, «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі бұған дейін Қазақстанның барлық облысында су тасқыны мәселелері бойынша жедел желі ұйымдастырды. Тұрғындар осы желі арқылы тегін заң көмегін ала алады. Сондай-ақ «Әділдік жолының» колл-орталығына 1463 нөмірі арқылы хабарласып, кеңес алу үшін өтінім қалдыруға болады.

Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтар келесі нөмірлерге хабарласа алады:

 

Өңір

«Әділдік жолы» филиалы басшысының ТАӘ

Жедел желі нөмірі

  1.  

Астана қ.

Құлжамбеков Дархан Болатұлы

8 708 555 33 01

  1.  

Алматы қ.

Мақұлбаев Бауыржан Есенгелдіұлы

8 708 555 33 02

  1.  

Шымкент қ.

Кесебаева Айжан Өмірзаққызы

8 708 555 33 17

  1.  

Ақмола облысы

Жайықбаев Ерлаз Мұхтарұлы

8 708 555 33 03

  1.  

Ақтөбе облысы

Байменов Асылбек Зинелғаппарұлы

8 708 555 33 04

  1.  

Алматы облысы

Кулумбаев Дәулет Сайлаубайұлы

8 708 555 33 05

  1.  

Жетісу облысы

Кулумбаев Дәулет Сайлаубайұлы

8 708 555 33 19

  1.  

Атырау облысы

Ахметова Дариға Әлімқызы

8 708 555 33 06

  1.  

Шығыс Қазақстан облысы

Пшенов Әділ Серікұлы

8 708 555 33 16

  1.  

Жамбыл облысы

Жувандикова Назима Норманбекқызы

8 708 555 33 08

  1.  

Батыс Қазақстан облысы

Ахметжан Бауыржан Закиұлы

8 708 555 33 07

  1.  

Қарағанды облысы

Танишпеков Рустам Фаритұлы

8 708 555 33 09

  1.  

Ұлытау облысы

Танишпеков Рустам Фаритұлы

8 708 555 33 20

  1.  

Қостанай облысы

Байлин Әсет Мерейұлы

8 708 555 33 10

  1.  

Қызылорда облысы

Бақтыбаева Ләззат Шайзадақызы

8 708 555 33 11

  1.  

Маңғыстау облысы

Жақсыбаев Асқар Базарғалиұлы

8 708 555 33 12

  1.  

Павлодар облысы

Қаирденова Нұргүл Аментайқызы

8 708 555 33 14

  1.  

Солтүстік Қазақстан облысы

Нұрахметова Айнагүл Сабырқызы

8 708 555 33 15

  1.  

Түркістан облысы

Қалыбек Амангелді Ілесбайұлы

8 708 555 33 13

  1.  

Абай облысы

Қазенов Роллан Рахметуллаұлы

8 708 555 33 18

 

 

174 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз